$ € ₽
фото
жаңалықтар

Шымкентте мәслихат сайлауы өтіп жатыр: қала әкімі де дауыс берді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Қала басшысы №231 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.
Фото Шымкент әкімдігі

Бұл жолғы сайлау елімізде жаңа Конституция қабылданғаннан кейін қолға алынған саяси өзгерістер кезеңінде өтіп жатыр. Өкілді билік органдарының құрамын жаңарту жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылып отыр.

Мемлекет басшысы бұған дейін депутаттық корпустың жаңаруы жергілікті өкілді органдардың қызметін күшейтетінін атап өткен болатын. Шымкентте сайлау науқаны қаланың бес ауданын қамтып отыр.

Қала бойынша дауыс беруге арналған 365 сайлау учаскесі ашылды. Қалалық мәслихат депутаттығына бес саяси партиядан және бірмандатты сайлау округтері бойынша кандидаттар тіркелген.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00–де жұмысын бастап, кешкі 20:00–ге дейін ашық болады. Тұрғындар өздерінің қай учаскеде дауыс беретінін арнайы Telegram-бот (@sailau_shymkent_bot) және shm.saylaw.kz қосымшасы арқылы біле алады.

Сайлау қорытындысында жасақталатын мәслихаттың жаңартылған құрамы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді қарауға, тұрғындардың мүддесін білдіруге және жергілікті маңызы бар шешімдер қабылдауға қатысады деп күтілуде.

Біздің редакция «Все СМИ» серіктестік желісіне қатысады.
Qumash.kz енді Google Жаңалықтарында Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз Жазылу

әрі қарай оқыңыз

Жаңалықтар →
келесі материалды жүктеудеміз