Жазадан құтылу үшін қазақстандық әйел жүктілігі туралы медициналық анықтама ұсынған. Алайда прокуратура жүргізген тексеріс құжаттың жалған екенін анықтады.
"Прокуратура қарсы тексеру жүргізіп, әйелдің бұл емханаға жүгінбегенін, медициналық тексеруден өтпегенін және оған мұндай анықтама берілмегенін анықтады", – делінген қадағалау органының хабарламасында.
Енді әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1-бөлігі – құжаттарды қолдан жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ал сот оған 15 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындап, жеті жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды. Қаулы заңды күшіне енді.
Қазақстанда мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Қазан айының басында Ақтауда да мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған әйел жазадан құтылу үшін өзін жүкті етіп көрсетуге тырысқан.
