$ € ₽
Стоматологию лишают лицензии
жаңалықтар

Қазақстанда 78 клиника лицензиясынан айырылды: тізімде стоматологиялар да бар

2026 жылдың тоғыз айында медициналық ұйымдар тексеру нәтижесінде жұмыс істеу құқығынан айырылды. Олардың қатарында стоматологиялық клиникалар да бар, деп хабаралайды Qumash.kz
Фото Qumash, ЖИ

Заң талаптарын бұзған

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2026 жылдың тоғыз айындағы медициналық ұйымдарды тексеру қорытындысын жариялады. Тексеру нәтижесінде 78 клиника медициналық қызмет көрсету лицензиясынан айырылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндіруінше, медициналық ұйымдар заң талаптарын бұзған жағдайда осындай шаралар қолданылады. Лицензиядан айыру рәсімін аумақтық департаменттер сот арқылы бастаған.

Ведомство тексерулердің басты мақсаты пациенттерді қорғау және медициналық ұйымдардың жауапкершілігін арттыру екенін атап өтті.

"Медициналық көмек көрсету құқығы заң талаптары мен қауіпсіздік стандарттарын мүлтіксіз сақтаумен қатар жүруі керек", – деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік лицензиялық талаптардың сақталуын бақылау медициналық көмекке жүгінетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс екенін де айтты.

Лицензиясынан айырылған ұйымдардың арасында стоматологиялық клиникалар да бар. Алайда министрлік олардың нақты санын, қай өңірлерде жұмыс істегенін және қандай заңбұзушылықтарға жол бергенін нақтыламады.

Стоматологиялар жаңалықтардан түспей тұр

Qumash.kz стоматологиялық қызмет сапасына қатысты мәселелерді бұған дейін де бірнеше рет жазған. Мәселен, 2026 жылғы мамырда Астанадағы стоматологиялық клиникалардың бірінде 20 жастағы пациент қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, ол тісін емдетуге барған, алайда инъекциядан кейін денесі құрыса бастаған. Денсаулық сақтау министрлігі клиникаға тексеру жүргізіп, полиция қылмыстық іс қозғады.

Тағы бір резонансты оқиға Ақтөбеде болды. 37 жастағы Гүлжанат Құлмұрзина ЭКҰ-ға дайындалып жүргендіктен, жеке стоматологияға жүгінген. Оның айтуынша, емдеу кезінде химиялық күйік алып, соның салдарынан ауыр асқынулар пайда болған.

Тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталды: стоматологтың орта медициналық білімі бар дантист біліктілігі болған. Алайда стандарт бойынша екінші деңгейдегі медициналық көмекті жоғары медициналық білімі бар маман көрсетуі керек. Дантистке айыппұл салынып, клиникаға оны жұмыстан шеттету міндеттелді.

Бұл оқиғалар жеке медициналық ұйымдарды мемлекеттік бақылаудың қаншалықты тиімді екенін және пациенттердің сапасыз қызмет көрсетушілерден қалай қорғалатынын тағы да күн тәртібіне шығарды.

Бұған дейін Qumash.kz Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды лицензиялау талаптарын қатаңдатқаны туралы жазған. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап клиникалар ғимараттарға, мамандардың біліктілігіне, жабдықтарға және медициналық цифрлық жүйелерге қойылатын жаңартылған талаптарға сай болуы керек.

Біздің редакция «Все СМИ» серіктестік желісіне қатысады.
Qumash.kz енді Google Жаңалықтарында Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз Жазылу

әрі қарай оқыңыз

Жаңалықтар →
келесі материалды жүктеудеміз