Астаналық жігіт қызға үйленуге ұсыныс жасағаннан кейін қамауға алынды
Оқиға түнгі сағат 01:20 шамасында Жұмабек Тәшенов көшесіндегі Ататүрік саябағында болған. 24 жастағы жігіт сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасау кезінде қуанышты оқиғаны атап өту үшін отшашу атқан.
Полицияның мәліметінше, ол елді мекен аумағында әрі мұндай мақсатқа арналмаған жерде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланып, заң талаптарын бұзған.
"Оның әрекеті қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзды. Осы дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жіберілді", – деп хабарлады Қазақстанның Ішкі істер министрлігі.
Нәтижесінде ер адам бес тәулікке қамауға алынды.
Полиция тұрғындарды пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтауға шақырды.
Ресми Telegram-арнаға жазылыңыз: Qumash.kz
Qumash.kz енді Google Жаңалықтарында Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз Жазылу