Qumash редакторы Бішкекте айыппұл салынған "Геликтен" самса жеп көрді

Гелик
Фото instagram.com/djurinskaya
Бішкекте Mercedes-Benz G-Class көлігінің жүксалғышынан самса сатқан жүргізушіге айыппұл салынды.

Бұл көлік Шакираның концерті кезінде әлеуметтік желілерде танымал болып, қолданушылар оған "Самсаваген" деген лақап ат берген. Qumash.kz порталының редакторы да ерекше сауда орнынан самса сатып алып көрген. Оның айтуынша, самса дәмді болған.

Жол талғамайтын көліктің жылжымалы самсаханаға айналғаны түсірілген видео әлеуметтік желілерге кеңінен тарады. Көлік сауданың ерекше тәсілімен ғана емес, қымбат жол талғамайтын автомобиль мен көшедегі тағамның арасындағы қарама-қайшылықпен де жұрттың назарын аударды.

Алайда оқиға айыппұлмен аяқталды. Kaktus Media басылымының хабарлауынша, 21 қазанда Бішкек мэриясының муниципалдық инспекциясы көлік иесінің сауда ережелерін бұзғанын мәлімдеді. Инспекторлар оған қатысты хаттама толтырған.

Қырғызстанда мұндай құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға 3 мың сом, яғни шамамен 16 мың теңге айыппұл салынады. Ал заңды тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 13 мың сомды немесе шамамен 67 мың теңгені құрайды.

Осылайша, "Самсаваген" әлеуметтік желілерде танымал болғанымен, оның иесінің назарға ілігуіне қалалық инспекторлар да себеп болды.

Біздің редакция «Все СМИ» серіктестік желісіне қатысады.

Ресми Telegram-арнаға жазылыңыз: Qumash.kz

Qumash.kz енді Google Жаңалықтарында Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз Жазылу
мұны да оқыңыз

Мәтінді енгізіп, Enter басыңыз немесе іздеуден бас тарту үшін Esc басыңыз