Қанша қаражат бөлінді?
Бағдарламаның екінші кезеңіне 20 млрд теңге бөлінді.
Ипотеканың негізгі шарттары:
-
Несие сомасы – 50 млн теңгеге дейін.
-
Жылдық мөлшерлеме – 14,8% (ЖТСМ – 16,3–16,8%).
-
Бастапқы жарна – Астана мен Алматыда 20%-дан, басқа қалаларда 15%-дан бастап.
-
Отбасының орташа айлық таза табысы 1 250 000 теңгеден аспауы керек.
-
Соңғы 6 айдағы ресми табысты растау қажет.
"Бастапқы жарнаны қарыз алушы әйел өз қаражаты есебінен тікелей сатушыға аударады", – делінген банк хабарламасында.
Өтінімді қалай беруге болады?
Өтінім берудің үш жолы қарастырылған.
- Банк консультанттары арқылы. Өтінімді бейнебайланыс арқылы немесе жақын маңдағы кеңес беру орталығында беруге болады. Консультанттардың тізімі банктің ресми сайтында жарияланған. Таңдау кезінде маманда "Төлем қабілеттілігін алдын ала бағалау" және "Несие рәсімдеуге құжаттарды қабылдау" қызметтерінің бар-жоғын тексеру қажет.
- "Отбасы банк" бөлімшесінде. Несие алуға өтінім беру үшін банк бөлімшесіне жеке бару керек. Егер өтініш беруші әйел некеде болса, банкке жұбайымен бірге келуі қажет.
- Банктің ресми сайтындағы "Бейнеқызмет көрсету" сервисі арқылы. Бұл қызметті пайдалану кезінде оператор онлайн кеңес беріп, өтінімді қабылдайды. Ол үшін электрондық құжаттардың болуы жеткілікті.
"Ұмай" бағдарламасы дегеніміз не?
"Ұмай" – Азия даму банкінің қаржылық қолдауымен "Отбасы банк" жүзеге асыратын әйелдерге арналған тұрғын үй бағдарламасы. Ол қатысушыларға баспана сатып алу үшін жеңілдетілген шарттармен ипотекалық несие алуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама ресми табысы расталған, жұмыс істейтін әйелдерге арналған. Бөлінген қаражатты бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ үлестік құрылыс аясында баспана алуға пайдалануға болады.
