$ € ₽
Футбол
жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Словакиямен тең түсіп, Ұлттар лигасындағы ойындарын аяқтады

Астанада өткен соңғы матч 2:2 есебімен аяқталды. Словакия құрамасы негізгі уақытқа қосылған бесінші минутта есепті теңестіріп, жеңісті қолдан бермеді.
Фото КФФ

Қазақстан құрамасы 2026/2027 жылғы маусымдағы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы кездесуін өткізді. Астанада Словакиямен болған матч 2:2 есебімен аяқталды. Қонақтар ойынның 90+5-минутында таразы басын теңестірді.

Топтық кезең қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы C3 тобында екі ұпаймен соңғы орынға тұрақтады. Соған қарамастан, ұлттық құрама D дивизионына түсіп қалмайды және келесі маусымда да C дивизионында өнер көрсетеді.

Футбол
Фото КФФ

Ал Словакия құрамасы топтағы бірінші орнын мерзімінен бұрын қамтамасыз етіп, B дивизионына жолдама алды. Команда 11 ұпай жинап, топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтады.

Топта екінші орынды Молдова иеленді. Енді бұл құрама B дивизионына шығу үшін өтпелі матчтарға қатысу құқығына ие болды. Фарер аралдары үшінші орынға жайғасты.

Матч қалай өтті?

Қазақстандық футболшылар кездесудің 29-минутында есеп ашты. Ғалымжан Кенжебектің пасынан кейін Ислам Чесноков қарсылас қақпасына доп енгізді. Осылайша, бірінші тайм алаң иелерінің 1:0 есебіндегі басымдығымен аяқталды.

Екінші таймда словакиялықтар есепті теңестірді. 56-минутта Роберт Боженик гол соғып, таразы басын теңестірді.

Алайда 69-минутта Ян Вороговский Қазақстан құрамасын қайтадан алға шығарды. Осыдан кейін алаң иелері жеңіске жақын болды.

Дегенмен матчтың негізгі уақытына қосылған бесінші минутта Адриан Капралик Словакия құрамасының екінші голын соғып, ойынның қорытынды есебін белгіледі – 2:2.

Еске салайық, командалар бұған дейін 29 қыркүйекте Словакияның Кошице қаласында кездескен болатын. Ол ойында Қазақстан құрамасы алаң иелеріне 1:2 есебімен жол берген еді.

Сол матчта қазақстандықтардың жалғыз голын Жасұлан Әмірдің пасынан кейін Рамазан Каримов соққан. Ал словакиялықтарға жеңіс сыйлаған голды 82-минутта қорғаушы Давид Ганцко енгізген.

Біздің редакция «Все СМИ» серіктестік желісіне қатысады.
Qumash.kz енді Google Жаңалықтарында Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз Жазылу

әрі қарай оқыңыз

Жаңалықтар →
келесі материалды жүктеудеміз