$ € ₽
Хоккей
жаңалықтар

Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионатын үшінші рет қатарынан жеңіп алды

Қазақстанның ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
Фото Instagram/kazakhstanhockey

Шешуші матчта отандастарымыз турнир қожайындары – Оңтүстік Корея құрамасын буллиттер сериясында жеңді.

Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен турнирдің финалдық кездесуінің негізгі уақыты мен овертаймында командалар бір-бірінің қақпасына шайба соға алмады. Жеңімпаз буллиттер сериясында анықталып, Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен басым түсті.

Қазақстандық команда сапында Артур Гросс пен Евгений Рымарев мергендік танытты. Рымарев екі рет дәл соққы жасаса, Диас Гусейновтың буллиті жеңіс әкелді. Ал қақпашы Владислав Нурек 65 минут бойы қарсыластарға бірде-бір шайба соғуға мүмкіндік бермеді.

Қазақстан құрамасы турнирдегі үш кездесудің барлығында жеңіске жетті. Алғашқы матчта Жапонияны 3:2 есебімен ұтса, екінші ойында Қытай құрамасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Чемпионат қорытындысы бойынша күміс жүлде Жапония құрамасына бұйырды. Қола медальді Оңтүстік Корея иеленсе, Қытай құрамасы төртінші орынға тұрақтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Халықаралық хоккей федерациясының аясында өткізілген Азия чемпионатының үшеуінде де топ жарды. 2024 жылы турнир Алматыда, 2025 жылы Бейжіңде, ал биыл Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында ұйымдастырылды.

Біздің редакция «Все СМИ» серіктестік желісіне қатысады.
Qumash.kz енді Google Жаңалықтарында Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз Жазылу

әрі қарай оқыңыз

Жаңалықтар →
келесі материалды жүктеудеміз