$ € ₽
фото
жаңалықтар

Атыраудағы НЗМ мұғалімі моральға жат қылығы үшін жұмыстан шығарылды

Атыраудағы НЗМ мұғалімі педагогикалық қызметке үйлеспейтін теріс қылығы үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлады "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ұйымы Qumash.kz-ке.
Фото Qumash/ ЖИ

Мектеп тексеру жүргізді

Мектеп қауіпсіздігі қызметі Атыраудағы NIS-те алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін мұғалім туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты ішкі тексеру жүргізді.

Қандай шешім қабылданды?

"Тексеру нәтижелері мен тәртіптік комиссия қараған материалдардың қорытындысы бойынша мұғаліммен еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес педагогикалық қызметті жалғастыруға үйлеспейтін моральға жат қылығы үшін бұзылды", – деп хабарлады "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы.

Бұған не себеп болды?

Бұған дейін біз Атыраудағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін мұғалімді кәмелетке толмаған оқушының отбасы қызға тиісуге әрекет жасады деп айыптағанын жазған едік.

Атыраудағы NIS-те оқитын қыздың туыстары Threads желісінде болған оқиға туралы айтып берген. Олардың сөзінше, мұғалім оқушыға WhatsApp арқылы кешкі сағат 22:00–ден кейін хабарлама жазып, кездесуге шақырған.

Біздің редакция «Все СМИ» серіктестік желісіне қатысады.
Qumash.kz енді Google Жаңалықтарында Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз Жазылу

әрі қарай оқыңыз

Жаңалықтар →
келесі материалды жүктеудеміз