Мемлекеттік қызметшінің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жазбасын Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жариялады.
Ведомствоның мәліметінше, Бауыржан Асаинов 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап департамент басшысы қызметін атқарған.
"Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілікті, адалдық пен табандылықты талап ететін сала. Бауыржан Әділханұлы осы жауапты қызметте өзіне жүктелген міндеттерді орындауға күш салды", – делінген көңіл айту хабарламасында.
"Ақ Жайық"басылымының мәліметінше, Бауыржан Асаиновтың денесі 18 қазанда өзі тұрған пәтерден табылған.
Басылым Асаинов пен оның ағасы арасында жанжал болуы мүмкін екенін хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдардың арасында ұрыс шыққан болуы ықтимал. Болжамға сәйкес, ағасы Асаиновты ұрып, ол әлі тірі кезінде пәтерден кетіп қалған. Алайда бұл мәліметтердің барлығы әзірге расталған жоқ.
