Финалдық белдесуде қазақстандық спортшы Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.
Фатима Супығалиева қарсыласын иппон әдісімен мерзімінен бұрын жеңді. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, финалдық кездесу 2 минут 33 секундқа созылған.
Осылайша, Фатима Қазақстан қоржынына Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының алтын медалін салды.
"Спорт Шрёдингер" Telegram-арнасының мәліметінше, Фатима Дакарға 2026 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарының және кадеттер арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде барған.
Айта кетейік, 2026 жылғы тамызда Фатима Супығалиева Эквадорда өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Ол Қазақстан тарихында қыздар арасында дзюдодан әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы болды.
