Оның биі түсірілген видео желіде тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Алау би тобының құрамында әкесінің "Ей, қарындас" әніне билеген. Өнер көрсету үшін қыз қара шалбар мен топ таңдаған.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Алаудың энергиясын, қимыл-қозғалысын және би шеберлігін жоғары бағаласа, енді бірі оның сахналық киімін талқылай бастады.
Пікірлер арасында қызға жылы лебіз білдіргендер де, сын айтқандар да болды. Сонымен қатар кейбір қолданушылар өзгелерді Алаудың сырт келбетіне тиісіп, орынсыз сын айтпауға шақырды. Олардың пікірінше, қыздың киімін талқылағаннан гөрі, биіне назар аударып, өнерін бағалау керек.
