Павлодар облысында Путинді Қазақстанға әскер кіргізуге шақырған әйел ұсталды
Әлеуметтік желілерде өзін Екібастұз тұрғыны Ольга Мухамеджанова деп таныстырған әйелдің видеосы тарады.
Видеода ол қазақтардың өз елінде дауыс беру құқығы жоқ екенін айтып, әрқайсысы "өз қожайыны – орыс адамын білуі керек" деп мәлімдеген.
28 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Павлодар қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.
Ведомство мәліметінше, жарияланған видеоға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Сондай-ақ әйелдің бұған дейін есірткі заттарын өткізгені үшін сотталғаны анықталған.
ҰҚК әзірге өзге мәліметтерді жарияламады. Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сілтеме жасап, онда сотқа дейінгі тергеу барысы туралы ақпаратты жария етуге шектеу қойылғанын атап өтті.
Ресми Telegram-арнаға жазылыңыз: Qumash.kz
Qumash.kz енді Google Жаңалықтарында Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз Жазылу