GTA VI туралы жаңалық қазақстандық геймерлерді қуантты

коллаж
Фото Qumash/ ЖИ
Grand Theft Auto VI ойынының компьютерлік нұсқасы 2027 жылдың басында шығуы мүмкін, деп хабарлайды Qumash.kz

GamesBeat ойын басылымы Rockstar Games компаниясының жоспарларынан хабардар төрт дереккөзге сілтеме жасап, компьютерлік нұсқаның релизі туралы ақпарат жариялады.

"Студия GTA VI ойынын компьютерге арналған нұсқада 2027 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында шығаруды жоспарлап отыр. Дереккөздердің барлығы іскерлік қарым-қатынастарына зиян келтірмеу үшін аты-жөнін жарияламауды сұраған. Rockstar Games өкілі басылымның түсініктеме беру туралы сұрауына жауап бермеді", – делінген жарияланымда.

Толығырақ

GTA VI ойынының PlayStation 5 және Xbox Series X/S консольдеріне арналған нұсқасы ресми түрде 2026 жылғы 19 қарашада шығуы тиіс. Ал компьютерлік нұсқаның шығу күнін әзірлеушілер әлі жариялаған жоқ.

Егер бұл ақпарат расталса, компьютер қолданушыларына алдыңғы бөлімдегідей ұзақ күтуге тура келмеуі мүмкін. GTA V ойыны консольдерде 2013 жылғы қыркүйекте шыққанымен, компьютерлік нұсқасы тек 2015 жылғы сәуірде, яғни шамамен бір жыл жеті айдан кейін жарық көрді.

Сонымен қатар Қазақстандағы PlayStation ойыншылары әлі күнге дейін ресми PS Store дүкенінен ойын сатып алу үшін басқа өңірлердің аккаунттарын пайдалануға мәжбүр.

GTA VI ойынының шығуына аз уақыт қалғанда Qumash.kz редакциясы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінен Sony компаниясымен келіссөздердің қалай жүріп жатқанын сұрады.

Біздің редакция «Все СМИ» серіктестік желісіне қатысады.

Ресми Telegram-арнаға жазылыңыз: Qumash.kz

Qumash.kz енді Google Жаңалықтарында Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз Жазылу
мұны да оқыңыз

Мәтінді енгізіп, Enter басыңыз немесе іздеуден бас тарту үшін Esc басыңыз