Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарын аударған. Құқық қорғау органдары клиникаға келген әйелдің жеке басын анықтады. Ол 56 жастағы Астана тұрғыны Елена Ерохина болып шықты.
Әйелдің әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды. Сот оған айыппұл салу туралы шешім қабылдады.
Өз кезегінде полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырды.
Айта кетейік, 2026 жылғы мамырда Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде балағат сөз айтқаны үшін "Кисло-Сладкий" лақап атымен танымал қазақстандық рэперге айыппұл салынған. Полиция мәліметінше, ол өзін дөрекі ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Ал 2026 жылғы қыркүйекте ММА файтері Еркебұлан Тоқтарға да балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салынды. Астанада өткен турнирден кейінгі баспасөз мәслихатында ол өзбекстандық Оғабек Абдумуминовпен сөзге келіп қалған.
