$ € ₽
фото
жаңалықтар

Астанада Есіл өзенінен 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Полиция марқұмның жеке басын анықтап, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Фото Threads

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, марқұм 56 жастағы елорда тұрғыны болған.

Оқиға туралы ақпарат Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Жазба авторы мәйіттің Айтматов көшесіндегі Kolsai тұрғын үй кешенінің жанындағы көпірдің астынан табылғанын айтып, жағдайдың мән-жайы туралы сұраған.

Полиция департаменті Qumash.kz тілшісіне өзеннен адамның денесі табылғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын анықтаған. Қазір оның қаза болу себептері мен оқиғаның өзге де мән-жайлары тергеліп жатыр.

Бұған дейін Есіл өзенінен тағы бір ер адамның мәйіті табылған

Бұл – соңғы уақытта елордада Есіл өзенінен ер адамның денесі табылған алғашқы жағдай емес. 2026 жылғы 30 қазанда да өзеннен ер адамның мәйіті табылған болатын. Ол кезде қаза болған адамның 54 жастағы Астана тұрғыны екені анықталды.

Полиция марқұмның денесінен де зорлық-зомбылық белгілері байқалмағанын хабарлаған. Осы оқиға бойынша да қылмыстық іс қозғалып, ер адамның өліміне қатысты мән-жайларды тергеу барысында анықтау жоспарланған.

Мәйіт "Мадрид" тұрғын үй кешенінің қарсы бетінен табылған.

Біздің редакция «Все СМИ» серіктестік желісіне қатысады.
Qumash.kz енді Google Жаңалықтарында Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз Жазылу

әрі қарай оқыңыз

Жаңалықтар →
келесі материалды жүктеудеміз